Әдістемелік жұмыс
Әдіскер-балабақша жүрегі.
«Мен мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін» өз сөзімді бастай келе жаңашыл әдіскер қанадай болу керек ? – деген сұраққа жауап бергім келеді.
Жаңашыл әдіскер
Әдіскер — технолог
Әдіскер — басқарушы
Әдіскер — педагок
Әдіскер — зерттеуші
Әдіскердің- яғни менің ұстанымым өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес,беруге барыншаь жан-жақты ізденіп ақпараттар алып, балабақша тәжиербесінде кадрларымның қолдану жолдарын ұсынамын.
Сөзімді қорта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің кішкентай үйі. Балдар еліміздің болашағы қоғамымыздың өрлеп даму өсіп келе жатқан жеткеншектердің өй-өрісіне рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланыста.
Әдіскер – балабақша жұмысының үйлестірушісі, педагогтердің кәсіби дамуына бағыт-бағдар беретін жетекші тұлға.
Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіру және заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдануға жағдай жасау.
Балабақшада әдістемелік жұмыс жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылады. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында педагогикалық кеңестер, әдістемелік сағаттар, семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, дөңгелек үстелдер мен тәжірибе алмасу жұмыстары өткізіледі.
Педагогтер өз білімдерін үнемі жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеруге, шығармашылық ізденіске және кәсіби тәжірибесін таратуға ерекше көңіл бөледі. Әрбір педагогтың кәсіби жетістігі балабақшадағы білім беру сапасының артуына оң әсер етеді.
Балабақшада ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнату да әдістемелік жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. Осы мақсатта ата-аналар жиналыстары, кеңестер, семинар-практикумдар, ашық есік күндері және бірлескен бірнеше мезгілдерге сай іс-шараларамыз ертеңгіліктеріміз байкауларымыз өтуде.
Әдістемелік қызметтің басты міндеті – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына бағытталған сапалы білім беру ортасын қалыптастыру.
Қорытынды
«Гүлсамал» бөбекжай балабақшасында әдістемелік жұмыс жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіліп, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар енгізілуде. Ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесінде тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалып, білім беру сапасы тұрақты түрде артып келеді. Алдағы уақытта да әдістемелік қызметтің негізгі бағыты – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасуды дамыту және мектепке дейінгі білім беру сапасын одан әрі көтеру болып қала береді